«Казцинк» 5 мамырда Өскемен металлургия алаңшасында болған жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен жұмыскерлердің бірі алған ауыр жарақатынан бүгін түнде ауруханада қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды.
Біз туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Компания марқұмның жақындарына және қызметкерлеріміздің барлығына қажетті қолдау көрсетуде.
Алаңда зардаптарды жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен ағымдағы тергеп-тексеру жалғасуда.
Өскемен металлургия кешені мырыш және қорғасын заводтарының өндірістік қуатын уақытша төмендетіп жұмыс істеуде.
Қосымша ақпарат келіп түсуіне қарай берілетін болады.
