Ақпараттық хабарлама Ақпараттық хабарлама

Бұрын жарияланған ақпаратқа қоса Казцинк Өскемен металлургия кешеніндегі жағдай және 5 мамырда болған оқиға салдарынан зардап шеккендерге көрсетілетін көмек жөнінде өзекті ақпарат хабарлайды.

Біздің бар ойымыз қазір Казцинктің қаза тапқан екі қызметкерінің туыстарына, жақындарына және әріптестеріне, сондай-ақ қазіргі уақытта медициналық көмек көрсетіліп жатқан, оқиға кезінде зардап шеккен қызметкерлерге бағытталған.

Кәсіпорын басшылығы қаза тапқан екі қызметкердің туыстарымен және жақындарымен көңіл айту үшін кездесті. Өз міндеттемелеріне сәйкес, Казцинк жерлеу рәсімін ұйымдастыруды, отбасыларға заңмен белгіленген сақтандыру төлемдерінен басқа қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырады, сондай-ақ балаларын Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту ақысын төлейді.

Барлық зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта ауруханада компанияның екі қызметкері жатыр. Оларға көмек көрсету үшін Астана қаласының мамандары тартылған.

Оқиға орны әлі күнге дейін қоршауда және мемлекеттік комиссия осы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеп-тексеру жүргізуде. Өскемен металлургия кешенінің мырыш және қорғасын зауыттарында өндірістік қуаттарды уақытша төмендетіп жұмыс жалғастырылуда.

Экология департаментінің және Казцинктің жеке зертханасының мамандары ауа сапасына 24 сағаттық мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Біз зардап шеккендерге қолдау көрсету бойынша өз міндеттемелерімізді орындаймыз және қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беріп тұрамыз.