«Казцинк» ЖШС бүгін таңертең Өскемен металлургия алаңшасы Мырыш заводында штаттан тыс жағдай болғанын растайды. Оқыс оқиға салдарынан екі адам қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз, бір адамның жағдайы ауыр, қалған төртеуі жеңіл жарақат алды.
Шұғыл қызметтер оқиға орнына жедел келді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта жағдай бақылауға алынды және барлық күш-жігер зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған. Тиісті органдарға хабарланды.
Мемлекеттік органдар жүргізген ауа сапасын тексеру оқиғаның қоршаған ортаға теріс әсерінің жоқ екенін растады.
Осы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беретін боламыз.
