VALEO модульдік зияткерлік дамыту жүйесі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ойлау, қарым-қатынас дағдылары мен ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі.
Жоба авторлары – Өскемендегі дарынды балаларға арналған Валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің ғалым-педагогтары. Дамытушы жиынтықтар әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде дайындалды.
Әлеуметтік жобаны «Казцинк» компаниясы қолдады. Жаңа жиынтықтар Өскемен, Риддер және Алтайдың 17 мамандандырылған балабақшалары мен мектептеріне берілді, онда ерекше балалар оқиды.
