Оны ұйымдастырушы бірнеше жыл бұрын команда құрған энтузиаст-қазцинктіктер болды. Бұқтырма суқоймасының жағалауында ең мықты атану үшін 12 команда таласты: өңір кәсіпорындарының құрамасы, Риддер, Алтай, Күршім және Черемшанка волейболшылары. Жарысқа Новосібірден келген қонақтар да қосылды, нәтижесінде солар жеңімпаз атанды. Күміс алқаны ЖЭО командасы алды, ал Күршім волейболшылары қола жүлдегер атанды.
Спорттық бастамаға «Казцинк» қолдау көрсетті.
