АҚШ миссиясының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсон Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Өскемендегі қала құраушы кәсіпорындарда, оның ішінде «Казцинкте» болды.
Құрметті қонаққа алып өнеркәсіптің жұмысы, атап айтқанда қымбат металдарды өндіру үдерісі егжей-тегжейлі баяндалды. Сапардағы естелік ретінде Дебора Робинсон тазартылған алтын құймасымен фотосуретке түсті.