Замануи отбасылық демалыс аймағы Қопа көлінде орналасқан. Қоғамдық кеңістікке велосипед жолы, балалар мен спорт алаңдары, серуендеу және белсенді демалуға арналған аймақтар кіреді. Жағалау ең жайлы орта құруды ескере отырып жасалған.
Жоба жергілікті билік органдарымен серіктестікте жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы «Казцинк» Көкшетауға жаңа жол салуға, сондай-ақ оны толық абаттандыруға қаражат бөлген болатын.