hero-bg

Қазмырыштықтар «Алтын Гефест» ұлттық байқауының жеңімпаздары атанды Қазмырыштықтар «Алтын Гефест» ұлттық байқауының жеңімпаздары атанды

Жәйрем кен - байыту комбинатының Тау-кен өндірісін жоспарлау және дамыту басқармасының бастығы Сағынғали Хамитов «Жыл кеншісі» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

«Жыл шахтері» номинациясы бойынша Риддер-Сокольный кенішінің жүк тиеу-жеткізу машинасының машинисі Мұрат Сәбитов жеңімпаз атанды.

Қазмырыштықтарды марапаттау 16-шы Халықаралық тау-кен металлургия конгресі мен Astana Mining & Metallurgy көрмесі аясында өтті.