KAZZINC FAMILY RUN іс-шарасына екі мыңнан астам адам қатысты. Бағдарлама тәжірибелі жүгірушілерге де, әуесқойларға да арналған. Мәреге жеткен әрбір қатысушыға естелік медаль, ал жарыс қашықтығының жүлдегерлеріне марапаттау медальдары, грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.
Фестивальдің ұйымдастырушысы – Minimarathon.kz жүгіру жобасы. Ауқымды спорттық бастамаға «Қазцинк» компаниясы да қосылды.
